Exploration Service және Fleet Space Technologies Шу–Сарысу бассейнінде инновациялық 2D сейсмобарлау жұмыстарын сәтті аяқтады.

Exploration Service компаниясы геологиялық барлау технологиялары саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі — Fleet Space Technologies компаниясымен бірлесіп, халықаралық тау-кен өндіруші компания үшін Шу–Сарысу бассейнінде инновациялық белсенді 2D сейсмобарлау жұмыстарын сәтті жүзеге асырды.

Жоба барысында заманауи сымсыз сейсмикалық қабылдағыштар — STRYDE Nodes қолданылып, бұл далалық жұмыстардың мобильділігін айтарлықтай арттырып, бақылау желісін орналастыру тиімділігін күшейтті.

Серпімді толқындарды қоздыру үшін дәстүрлі жарылғыш көздерге экологиялық тұрғыдан қауіпсіз балама болып табылатын салмақ түсіру (weight drop) технологиясы пайдаланылды. Бұл тәсіл жарылғыш заттарды қолданбай сейсмобарлау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беріп, қоршаған ортаға әсерді барынша азайтып, өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етті.

Жоба далалық геофизикалық жұмыстардың халықаралық стандарттарына толық сәйкес орындалды. Алынған деректер жоғары сапасымен ерекшеленіп, зерттеу мақсаттарына толық қол жеткізуге мүмкіндік берді және әрі қарайғы талдау мен интерпретация үшін құнды геофизикалық ақпарат ұсынды.

Аталған жоба Қазақстанда инновациялық әрі экологиялық қауіпсіз сейсмобарлау технологияларын енгізу әлеуетін көрсетіп, Exploration Service компаниясының геологиялық барлау жобаларын тиімді қолдауға бағытталған озық шешімдерді қолдануға деген ұмтылысын айқындайды.

10.03.2026
Сізді қызықтыруы мүмкін